Астаналық әйел жүріп келе жатқан автобустың салонынан құлап кетті (видео)
Жарияланған күні:
Елорда тұрғыны жүріп келе жатқан автобустың есігінен құлады. Көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полицейлердің мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Қаныш Сәтбаев көшесінде болған.
"Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық отырғанына көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол берген. Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады департаментте.
Бұл жағдай N20 бағытта орын алғанын CTS баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлады.
"Әйел полицияға арызданған. Автобус жүргізушісі материалдық көмек көрсетті. Содан кейін жәбірленуші шағымы жоқ екендігі туралы жазбаша қолхат берді. 25 қаңтарда жолаушының құлап, жарақат алу фактісі полицияға тіркелмед", - деді компания өкілдері.
Жолаушының маршруттық автобустан құлауы фактісі бойынша "N1 автобус паркі" ЖШС комиссиясы жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізіп, жүргізушіге қатысты тәртіптік шешім қабылдағаны атап өтілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062835-astanalyq-aiel-zurip-kele-zatqan-avtobustyn-salonynan-qulap-ketti-video/