"62 тамырыма қан жүгіріп өтті": Пойызда күй тартқан оқушылар жұрттың алғысына бөленді
Жарияланған күні:
Алматы 2 – Шымкент бағытындағы №11 пойыздың вагонында "Тұран" күйін тартқан жас домбырашылар жолаушыларды таң қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Пойызда күй тартқан оқушылардың видеосы Qazaqstan телеарнасының Instagram-парақшасында жарияланды.
Жас күйшілер Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан. Сапар барысында балалар пойызда дайындық жұмыстарын жүргізіп, жолаушыларға керемет көңіл күй сыйлады.
Желі қолданушылары да өнерпаздарға ақ тілегін жолдап, ризашылығын білдірген.
"Баласын осындай үйірмеге, соның ішінде өзіміздің ұлттық аспап домбыраға берген ата-анаға мың алғыс". "Не деген керемет! 62 тамырыма қан жүгіріп өтті. Мың қайтара тыңдап отырмын. Жолдарың болсын!". "Бәрекелді!... Бақытты болыңдар! Жулделі орын бұйырсын, балаларым!", "Нағыз қазақтың ұл-қыздары. Өнерің өрге жүзсін!" - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062981-62-tamyryma-qan-zugirip-otti-poiyzda-kui-tartqan-oqusylar-zurttyn-algysyna-bolendi-video/