Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Костенко шахтасында құрбан болған 46 кеншінің туыстары президенттен көмек сұрады

Жарияланған күні:

Кеншінің құрал-сайманы
Кеншінің құрал-сайманы. Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images

Костенко шахтасында 2023 жылдың 23 қазанында қайтыс болған кеншілердің туыстары президенттен көмек сұрап, үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Азаматтарымызды қайтара алмаймыз, алайда олардың ерлікпен қаза болуы ескерткіш ретінде орнатылса дейміз. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз басына барып, құрметпен еске алса. Біздің өңірде әртүрлі шахтаға арналған ескерткіштер бар, бірақ шахта жұмысын тоқтатқан кезде олар да қараусыз қалып жатыр.

Сондықтан ескерткіш жақындарымыз қаза болған жерде емес, кеншілер қаласы Қарағандының ортасында орнатылса дейміз. Осы өтінішке қолдау көрсетіп, ескерткіштің орнатылуын қадағалай отырып, тездетуін сұраймыз", - деп көмек сұрайды марқұм кеншілердің туыстары.

"Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Сізден көмек сұраймыз. Біздер, қайтыс болған қаһарман кеншілердің отбасылары, бірнеше мәрте жергілікті органдарға барып, бұл өтінішімізді айтқан едік. Алайда олардан еш көмек болмады. Президентіміз мұны бейжай қалдырмайды деп үміттенеміз", - дейді видеожазбада жиналғандар.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ шахтадағы өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063005-kostenko-saxtasynda-qurban-bolgan-46-kensinin-tuystary-prezidentten-komek-surady/