Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/temirtau.city

Теміртауда екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады. Тәртіп сақшылары оларды ұстады, деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Таратылып жатқан видеода белгісіз екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасап, кеуде тұсынан тепкілеген. Сондай-ақ жедел жәрдем көлігіне зақым келтіріп, кей заттарды алып, қашып кеткені айтылған.

Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, шабуыл 26 ақпанға қараған түні жасалған. Күдіктілер қазір қамауға алынған.

"26 ақпанда түнгі сағат 01.00-де Теміртау қаласында көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреулер 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан.

Нәтижесінде жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер ізін суытпай, 25 жастағы және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063040-qaragandy-oblysynda-zedel-zardem-zurgizusisine-sabuyl-zasaldy-video/