Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімі қалада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтерілетініне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астанадағы аялдама
Астанадағы аялдама. Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесуінде қоғамдық көлікте жол жүру құны көтерілетініне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесуде елорда тұрғыны Астанада қоғамдық көліктердің өте нашар жұмыс істейтінін атап өтті. Тұрғынның айтуынша, автобустар арасындағы уақыт аралығы ұзақ, оған оған қоса жолақы көтеріледі деп жоспарлануда.

Тұрғын Астана әкімінен қала билігі қоғамдық көліктердің жұмысын жақсартпай, тарифті неге көтермекші деп сұрады.

Бұған жауап ретінде Жеңіс Қасымбек қалада автобустардың көбейіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, былтыр 900-ге жуық автобус болса, қазір 1300-ге жетті. Жалпы қалаға 2 мыңнан астам автобус қажет.

"Қазір жол жүру бағасы - 90 теңге, ол 2014 жылы бекітілген. 10 жыл өтті. Он жылда бензин, газ қымбаттады, жүргізушілердің жалақысы өсті ме? Бүгінде жүргізушінің жалақысы орта есеппен 500- 600 мың теңге. Бізде жүргізушілер жетіспейді, бұл жалақымен білікті мамандарды жұмысқа ала алмаймыз", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, бір жолаушыға электроавтобусты пайдалану құны 400-ден 500 теңгеге дейін, ал дизель және газбен жүретін автобустар 240-тан 400 теңгеге дейін.

"Әр тасымал үшін әкімдік қосымша 200 теңге төлейді. Бұл сіздің ақшаңыз және бюджет ақшасы. Түсінеміз, қолдаудың да қолдауы бар, біз халықтың тегін, жеңілдікпен жүруге құқығы бар топтарын қолдаймыз. Біз бұл саланы жақсарту үшін ойға қонымды бағаны енгізуіміз керек.

Менің ойымша, жолақының 110 теңгеге өсуі 7, 8 және 10 жыл бұрын болуы керек болатын.

Объективті тұрғыдан алғанда, жағдай былай: 10 жыл бұрын тариф бекітілген және ол тасымалдау құнынан үш есе аз. Сондықтан біз бұл шешімді шығаруға мәжбүрміз", - деді Қасымбек.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтеру ұсынылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063051-astana-akimi-qalada-qogamdyq-kolikterde-zol-zuru-aqysy-koteriletinine-qatysty-pikir-bildirdi/