Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға облыстардан күніне қанша адам келеді: ұлттық экономиника министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астана
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астанадағы халық саны артуы мәселесі қалай шешілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Нұрлан Байбазаров кейінгі 10 жылда Астана халқының саны 46 пайызға өскенін айтты.

"Елді мекендерден елордаға күнделікті қатынайтын миграция саны - шамамен 200 мыңнан астам адам мен 300 мыңнан астам автокөлік. Елордада қала маңындағы халық санының өсіміне байланысты инфрақұрылымның барлық түріне жүктеме көбейді. Көлік қатынасының аздығы және әлеуметтік нысандардың тапшылығы сынды бірқатар мәселе бар, - деді ол.

Оны айтуынша, агломерацияны дамыту аясында бірыңғай қала құрылысы саясатын әзірлеу және елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу жоспарланып жатыр.

"Қосшыда қосымша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қамтамасыз ету үшін 1200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және 350 орындық көпсалалы аурухана салынады.

Елордада инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 900 орындық тау-кен техникалық колледжі мен балаларды оңалту орталығын салу жоспарда бар", - деді Нұрлан Байбазаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063302-astanaga-oblystardan-kunine-qansa-adam-keledi-ulttyq-ekonominika-ministri-zauap-berdi/