Министр 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,3 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астана тұрғындарының өсімі бойынша жаңа болжам айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Нұрлан Байбазаров Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарымен таныстырды.
"Кейінгі 10 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны 46 пайызға өсті, болжам бойынша 2035 жылға қарай Астанада 2,3 млн адам тұрады", - деді министр.
Сонымен қатар Байбазаров Астанаға облыстардан күніне қанша адам келетіні туралы нақты есепті де жария етті.
Премьер-министрі Олжас Бектенов елорда тұрғындары санының өсуі еңбек нарығына кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Астанада 1 430 136 адам тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063310-ministr-2035-zylga-qarai-astana-xalqynyn-sany-23-millionga-zetui-mumkin-ekenin-aitty/