Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойланбастан көмектескен": Алматыда такси жүргізушілері алданып қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдікті
Күдікті. Фото: polisia.kz

Алматыда 27 жастағы ер адам такси жүргізушілерін алдаған деген күдікке ілінді. Ол бірнеше такси жүргізушісінің сеніміне кіріп, қайтарып беремін деп ақша алған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматыда төрт такси жүргізушісін алдаған деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 10-15 мың теңге.

"Ер адамның такси шақырғаны анықталды. Ол жолда жүргізушінің сеніміне кіріп, біраз уақытқа қарыз алып, жұмысқа кірген соң қайтарып беруге уәде еткен.

Кейбір такси жүргізушілері белгісіз біреуге еш ойланбастан көмектескен. Бізге төрт адам хабарласты. Күдікті қамауға алынды", - деді Медеу ауданы әкімдігінің полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Айта кетейік, ер адам бірнеше ұрлық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063338-oilanbastan-komektesken-almatyda-taksi-zurgizusileri-aldanyp-qaldy/