Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биыл – эстакадасы, алдағы жылы – рельсі": Қасымбек Астанадағы LRT құрылысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астана ЛРТ
Астанадағы LRT құрылысы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Министрлер кабинетінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен елордадағы LRT құрылысының барысы туралы сұралды. Әкім LRT эстакадасы биыл аяқталатынын, ал рельстер алдағы жылы салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Биыл көпірдің бөлігі толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз, яғни бетон жұмыстары. Эстакада толығымен көтеріледі.

Алдағы жылы - жоғарғы құрылым, яғни рельстер аяқталады. Сонымен қатар биыл кей станция бөліктері нақты аяқталады.

Биыл – көпірі, алдығы жылы – жоғарғы құрылымы. Сонымен қатар пойыздар мен жабдықтарға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Ол LRT келісімшартының жалпы құны - 800 млрд теңге, оның ішінде игерілгені 300 млрд теңге екенін айтты. Әкімнің сөзінше, қалған сома аталған екі кезең бойынша жұмсалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063341-biyl-kopiri-aldagy-zyly-relsi-qasymbek-astanadagy-lrt-qurylysynyn-barysy-turaly-aitty/