Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл артуы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айыппұл
Көрнекі фото: antikor.com.ua

Қазақстанда жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұлды арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған қоса жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған шенеуніктерге жауапкершілік енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне бірінші кезекте автокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты бірқатар өзгеріс әзірленуде. "Колеса" порталының жазуынша, түзетулері бар жоба қазір мәжілісте қаралып жатыр.

Жылдамдықты арттырғандарға салынатын жаңа айыппұл

Жобада жылдамдықтың жаңа шегі қарастырылған. Мәселен жылдамдықты сағатына 60 шақырымға немесе одан асырғаны үшін 40 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2024 жылы 147 680 теңге көлемінде айыппұл салу ұсынылған. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл 60 айлық есептік көрсеткішке, яғни 221 520 теңгеге дейін өседі.

Түзетуді ұсынған авторлардың түсіндіруінше, 2023 жылдың 4 айында Қазақстанда жүргізушілер жылдамдықты 80-160 км/сағ аралығында 1436 рет асырған: 160 км/сағ – 2 рет, 140 км/сағ – 5 рет, 120 км/сағ – 28 рет, 100 км/сағ – 171 рет және 80 км/сағ – 1230 рет.

Айта кетейік, бұл норманы өткен жылдың басынан енгізу ұсынылған.

Барлық түзетулер жазаны күшейтпейді. Мәселен, жобада сыртқы жарықтандыру құрылғыларын немесе дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 602-бап бойынша жазаны жеңілдету қарастырылған.

Мысалы, күндізгі уақытта фараларды жақпағаны үшін ескерту жасау ұсынылып отыр – қазіргі кодексте ескерту қарастырылған, бірақ "немесе 3 АЕК айыппұл" деген түзету де бар. Жоба авторларының пікірінше, бұл бапты өзгерту норманы біркелкі қолдануға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қаупін жоюға ықпал етеді.

Сондай-ақ 620-баптың 1-бөлігінен жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын басқа талаптарды бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарды алып тастау жоспарланып отыр. Қазір бапта "немесе" деген жалғаулық бар, ол ескерту мен айыппұлды бөліп тұр.

Мысалы, қазіргі норма бойынша, сомакат жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болуы керек және ол жолдың жүру бөлігінде дулыға киіп жүруі керек, ал егер дулығасы болмаса, оған ескерту жасалады немесе 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал ұсынылып отырған түзетуде бап екі бөлікке бөлінген, енді бұл үшін тек ескерту ғана қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл салынады.

Өзгерістер мопед иелеріне де әсер етеді. Жобада жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының тізімінен мопедтер туралы ескертуді алып тастау ұсынылып отыр, өйткені олар жақында толыққанды көлік құралы болып саналады.

Мопед жүргізушілерінің жүргізуші куәлігі болуы керек, жол қозғалысы ережелерін сақтауы, дулыға киюі, тіпті көліктерін тіркеуі қажет деген түзету енгізілмек.

Шенеуніктер мен коммуналдық қызмет көрсетушілерге салынатын айыппұл

Бұған қоса жоба авторлары шенеуніктер мен кәсіпорын басшыларына жолдардағы жұмыстарды орындауға қойылатын талаптарды, жолды күтіп ұстау, көшелердегі люк пен құдықтарды күтіп ұстау талабын бір жыл ішінде қайталай орындамағаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр. Сонда коммуналдық қызмет көрсетушілер айыппұлдан кейін бірден тазаланбаған жолдарды тазалап, ашылып қалған люкті қалпына келтіреді.

Айта кетерлігі, бұл өзгерістер әлі күшіне енген жоқ. Оны алдымен мәжіліс мақұлдауы керек. Ұсынылған түзетулердің барлығы бірдей қабылданбауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063410-qazaqstanda-kolik-zurgizusilerine-salynatyn-aiyppul-artuy-mumkin/