Ақмолалық әйел алимент ретінде 65 миллион теңге алған
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқмола облысының тұрғынынан алимент түріндегі қарыз ретінде 65 миллион теңге өндірілді. Мұндай факт Қазақстанда алғаш рет тіркелді. Бұл туралы облыстық әділет департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, ер адам 2011 жылдан бері 13 жыл бойы алимент төлеуден жалтарып келген.
Борышкердің есепшоттары бұғатталып, оған басқа да ықпал ету шаралары қолданылған кезде медиациялық келісім жасалған. Соның нәтижесінде Ақмола облысының тұрғыны 50 миллион теңгені бірден, ал қалған ақшаны кейін алған.
Айта кетерлігі, Ақмола облысында жыл басынан бері барлығы 69 миллион теңге алимент өндірілген, оның 65 миллионы бір ғана әкеден өндірілген.
Еске сала кетейік, 29 ақпанда Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы баланың алиментін ұрлап келген деген күдікке ілінгенін жазған едік. Осы уақыт ішінде сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған. Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына аудармаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063710-aqmolalyq-aiel-aliment-retinde-65-million-tenge-algan/