Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны баласының сыныптасын ұрды деп айыпталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мектеп
Мектеп. Көрнекі сурет: pexels.com

Желіде белгісіз ер адам баласының кегін алу үшін бөтен біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа Алматы полициясы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайт туралы зардап шегушінің анасының Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды. Онда әйел өзінің ұлын басқа баланың әкесі ұрып-соғып, тұншықтырғанын айтқан.

"Мектепте балалардың бәрі төбелеседі. Ол менің ұлымды өзі ұруға бел буды. Бұл мектепте үзіліс кезінде болды: сынып жетекшісі жоқ кезде сыныпқа кіріп, қылқындырып, ұрып-соға бастады", - делінген жазбада.

Әйел болған оқиғадан кейін баласының қатты қорқып қалғанын және ол ер адамды заң аясында жазалау қажет екенін айтты.

Ал пост астында жазылған пікірлерде оқиға болған болуы мүмкін жекеменшік мектеп те өз ұстанымын білдірді. Мекеме әкімшілігі баланы ұрып-соғу фактісін жоққа шығарып, балалар арасындағы төбелеске пост авторының ұлы кінәлі деп мәлімдеген.

Бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство ақпаратынша, жағдай 2 ақпанда болған.

"Бұл фактіні жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ ювеналды полицияның қызметкерлері тіркеп, назарға алды. Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайын анықтау бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді полициядағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063855-almaty-turgyny-balasynyn-synyptasyn-urdy-dep-aiyptaldy/