Қазақстан мұнай өндіруді азайту мерзімін осы жылдың соңына дейін ұзартады
Жарияланған күні:
Қазақстанда 2024 жылғы екінші тоқсанда мұнай өндірісін күніне 82 мың баррельге азайту жоспарланған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан ОПЕК + -ке қатысушы кейбір елдермен келісе отырып, 2024 жылғы екінші тоқсанда өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша азайту мерзімін ұзартады.
Осылайша, 2024 жылғы маусым айының соңына дейін Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне 1,468 млн баррельді құрайды. Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылады", - делінген министрлік хабарламасында.
Бұл қысқарту туралы Қазақстан 2023 жылғы сәуірде хабарлады.
2024 жылғы желтоқсан айының соңына дейін өндіріс күніне 78 мың баррельге дейін азаюуы мүмкін.
"Бұл қосымша қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064240-qazaqstan-munai-ondirudi-azaitu-merzimin-osy-zyldyn-sonyna-deiin-uzartady/