Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ сел қаупі бар арналарды анықтау үшін аэровизуалдық бақылау жүргізді (видео)

Жарияланған күні:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Сел, қар көшкіні жағдайын, мұздақ-мұздық кешендерінің, өзендерінің сел қаупі бар арналарының жай-күйін бағалау мақсатында ТЖМ аэровизуалды зерттеу жүргізді. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, "Қазселденқорғау" ММ Қазавиақұтқару тікұшағымен Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің бассейндері бойынша Қаскелең өзенінен Талғар өзеніне дейін аэровизуалды зерттеу жүргізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіндері байқалған.

Ведомство ақпарынша, Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтаған. Айтарлықтай көлемдегі қар көшкіні тіркелмеген. Объектілерге қар көшкіні қаупінің төнуі анықталған жоқ.

"Мұздақ көлдер қысқы режимде, қар мен мұзбен жабылған. Көлдердегі мұздықтардың немесе мұздардың зақымдануы анықталған жоқ. Су шығынының шегі қалыпты деңгейде, өзгеріс жоқ. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылған жоқ. Опырылым немесе көшкіннің ізі анықталған жоқ", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064462-tzm-sel-qaupi-bar-arnalardy-anyqtau-usin-aerovizualdyq-baqylau-zurgizdi/