Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ақша бопсалады деген күдікпен діни ағым өкілі ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: БҚО ПД

Оралда полицейлер шетел азаматынан ақша бопсалап келген күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Батыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, Орал қаласында шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген.

"200 мың теңге беру кезінде діни ағымдардың бірінің жақтаушысын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда полиция өкілдері күдікті қандай діни ағым мүшесін жақтаушы екенін нақтыламады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064504-oralda-aqsa-bopsalady-degen-kudikpen-dini-agym-musesi-ustaldy/