Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның қай қалаларында гүл қымбаттағаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Гүл
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл қаңтардың соңында Қазақстанда өсімдіктер мен гүлдердің бағасы бір жыл ішінде 8,2 пайыз қымбаттады. Қай өңірде гүл қымбат, қай қалада арзан, Қазақстанда бір жылда қанша гүл жиналғаны туралы Energyprom.kz сарапшылары зерттеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Қарағанды ​​облысында байқалды: бір жылда айтарлықтай 41,5 пайыз. Одан кейін Алматы облысы (18,1 пайыз) және Астанада ( 14,5пайыз) қатты қымбаттады. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы қаласында тіркелді: 1,3 пайыз.

Ақмола, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға былтырғы қаңтардағы деңгейде сақталды. Тағы екі өңірде баға төмендеді: Павлодар облысында — бір жылда 0,9 пайыз, Ұлытау облысында — 6,1 пайыз арзандады.

Бүкіл әлемге танымал раушан гүлдері қаңтар айында ауыл шаруашылығы базарларында бір дана орташа есеппен 946 теңгеден сатылды. Ең қымбат Абай облысында: 1,4 мың теңге. Қостанай (1,3 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (1,2 мың теңге) облыстарында сәл арзанырақ. Шымкентте ең арзан: небәрі 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында раушан гүлі 648 теңге, Қызылордада 667 теңге.

Сараптамалық сайттың жазыунша, 2023 жылы Қазақстанда 17,6 млн гүл жиналған. Гүлдер еліміздің 20 өңірінің 13-де өсіріліп, жиналған.

Алматы облысында ең көп гүл жиналды: 7,8 млн дана, жылдық өсім 10,9 есе. Одан кейін Ақмола (5,3 млн дана) және Қарағанды ​​(2,2 млн дана) облыстары.

Салаға қаржы құюға келетін болсақ, гүл өсіру және гүл дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестиция 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында 554,8 млн теңге, бұл тек екі облысқа — Түркістан (545,4 млн теңге) және Қарағанды ​​(9,5 млн теңге) облыстарына тиесілі.

Energyprom.kz сарапшылары 8 наурыз қарсаңында Қазақстанның ЕАЭО елдерінен гүлдер экспорты мен импортының құрылымын зерттеді.

2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан ЕАЭО елдеріне көбіне жаңа кесілген гүлдер мен раушан, қалампыр және хризантема бүршіктерін жіберді. Сонымен қатар егілген немесе егілмеген раушан гүлдері мен орхидеялар, вегетация және гүлдеп келе жатқан гиацинт, нарцис және қызғалдақ жиі экспортталды.

Бір қызығы picodi.com сайтының 2022 жылы жүргізген сауалнамасына сәйкес, қазақстандық әйелдердің 39 пайызы ғана мерекеге гүл алғысы келеді.

Сауалнамаға сәйкес гүл көп қаланатын сыйлықтар арасында тек бесінші орында. Әйелдер 8 наурызға ақша (69 пайыз), парфюмерия (63 пайыз) және косметиканы (54пайыз) ең керекті сыйлықтар деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064589-qazaqstannyn-qai-qalalarynda-gul-qymbattagany-belgili-boldy/