Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәрсенбі, 6 наурыз күні таңертең Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы деп хабарлайды оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ТЖД ақпаратынша, 6 наурызда Алматы уақытымен сағат 5:09-да жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 км жерде) орналасқан

Бұл дүмпулер Алматы қаласында 2 балл болып сезілді.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064725-almatyda-tagy-da-zer-silkinisi-sezildi/