Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"84,2 мың АҚШ долларын қолдан жасаған": Шымкентте ҚМА екі адамды ұстады (видео)

Жарияланған күні:

Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Шымкентте жалған шетел валютасын сатқан жалған ақша жасаушылардың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ адам анықталды.

"Күдікті екі адам ұсталды және оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінгн хабарда.

Бұған дейін Қырғызстанның Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескені хабарланған болатын.

Сонымен қатар Қырғыз МҰҚК осы іс бойынша Қазақстан азаматын ұстады. Ведомство оның Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатқан қылмыстық іске қатысы бар екенін хабарлады.

Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

"Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қолма-қол ақшамен операциялар мен есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға шақырады", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064759-842-myn-aqs-dollaryn-qoldan-zasagan-symkentte-qma-qyzmetkerleri-eki-adamdy-ustady-video/