Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамедиұлының шағымы шын болып шықты: Астананың тергеу изоляторлары толып кеткен

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айыпталушы
Уақытша ұстау изоляторы. Көрнекі фото: Максим Золотухин

Астананың тергеу изоляторы лық толған. Бұл туралы алғашында сот отырыстарының бірінде сотталушы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген еді. Бұл ақпаратты Астана бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісінің сауалына берген жауабында департаменттің №64 мекемесінде қазіргі уақытта тергеудегілер мен сотталғандар саны белгіленген шектен асып кеткені айтылған. Дегенмен, олардың сөзінше, барлық адам төсек-орынмен қамтылған.

"№ 64 мекемеде ұсталатын тұлғалардың санын қысқарту, сондай-ақ тергеу изоляторындағы шектен асып кету мәселесін шешу мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісімі бойынша, апелляциялық шағым түсірген сотталғандарды ықтимал жазасын одан әрі өтеуі үшін облыстардағы тергеу изоляторларына шығару туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады ҚАЖД өкілдері.

Департаменттегілер Астана әкімдігімен жаңа тергеу изоляторын салу мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064887-muxamediulynyn-sagymy-syn-bolyp-syqty-astananyn-tergeu-izolyatorlary-tolyp-ketken/