Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

Жарияланған күні:

Тамақ ішіндегі құрт
Тамақ ішіндегі құрт. Фото: Алматы арнасы

Павлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шыққан. Арыз-шағым артқан соң, асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл тағылды, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу", – деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064941-pavlodarda-mektep-asxanasyndagy-tamaqtan-qurt-syqty/