Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Банк өкілімін деп хабарласып, код сұрайды": интернет-алаяқтардан қорғану жолдары

Жарияланған күні:

Женщина за компьютером
Женщина за компьютером. Она работает в браузере: Pexels

Қазіргі таңда интернет-алаяқтар көптеп кездеседі, тіпті күн сайын алданудың жаңа деректері тіркеліп отырады. Бұл орайда Абай облысының ПД алаяқтардан қалай қорғануға болатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Интернет-алаяқтық түрлерінің негізгісі QR-код-пен қолданыстағы тауарларды банк қосымшасында төлеу болып саналады.

Алаяқтардың қитұрқы амалдарына түспеу үшін не істеу керегін полиция қызметкерлері айтып берді:

  • Жеке деректеріңізді, құпия сөздеріңізді немесе қаржылық деректеріңізді ешкімге жария етпеңіз.
  • Интернетте немесе жеке сатушылардан сатып алу кезінде абай болыңыз. Сатушының беделін тексеріңіз және шындыққа жанаспайтын мәмілелерден аулақ болыңыз.
  • Егер сізге күмәнді хабарлама, қоңырау немесе ұсыныс келсе, сақ болыңыз және қандай да бір әрекетке сенбес бұрын немесе жасамас бұрын ақпаратты тексеріңіз.
  • Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға, банкке хабарласыңыз - бұл сізге мәселенің шешімін табуға көмектеседі.

"Естеріңізде болсын, банк өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері сізден ешқашан деректеме және бірреттік смс құпиясөз сұрамайды!" - дейді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064978-bank-okilimin-dep-xabarlasyp-kod-suraidy-internet-alayaqtardan-qorganu-zoldary/