Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Подъездегі бейнебақылау камераларын басқа жаққа бұрып тастаған астаналық ұсталды

Жарияланған күні:

Бейнебақылау камерасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада ер адам подъездегі бейнебақылау камераларын басқа жаққа бұрып тастағаны үшін бес тәулікке қамауға алынды. Оның бұл әрекетіне көршілері шағымданған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көршілер оның үйдің подъезі мен лифтте орнатылған қауіпсіздік камераларын бұрып тастағанын айтты. Сарыарқа ауданының учаскелік полициясы оқиға орына барып, 33 жастағы құқық бұзушыны анықтады. Ол өз әрекетін қызық көру мақсатында жасағанын айтып ақталды.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) белгілері бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 5 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолдану арқылы жауапқа тартты. Ол жазасын Астана қаласының әкімшілік ұсталғандарға арналған арнайы қабылдағышта өтейді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған "Тоқта, вандал" акциясы өтіп жатыр.

Акция аясында қалада күндіз және түнде рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065002-podezdegi-beinebaqylau-kameralaryn-basqa-zaqqa-buryp-tastagan-astanalyq-ustaldy/