Тұрғындардың әдебі мәселесі көтерілгенде Досаев алматылықтарды жақтады
Жарияланған күні:
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала тұрғындарының бірі алматылықтарды түкірмеуге үйрету үшін әдеп сабағын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Жаяу жүргіншілер жолымен жүру мүмкін емес, себебі адамдар қақырып-сіңбіреді, сондықтан адамдарға үйрету керек. Адам көшеде, кинотеатрда өзін қалай ұстау керегін үйрету үшін мектептерде этика және эстетика сабақтарын қайта қосу керек", - дейді тұрғын.
Әкім бұл ұсынысты Оқу-ағарту министрлігіне беруге уәде етті.
"Көлік холдингімен егде жастағы адамдарға және жүкті әйелдерге орын беру керектігі жөнінде ақылдасып жатырмыз. Жұмыс басталып та кетті. Қоқыс және тағы басқа әрекет үшін әкімшілік айыппұлдар енгізілді.
Жаяу жүргіншілер жолында бәрі соншалықты жаман емес: тұрғындардың әдебі жақсарып келеді, YouTube, Telegram арналары, TikTok және тағы басқасында жарияланған фактілер - адамдардың сана-сезімі өсе түскенін көрсетіп отыр. Қалаға құрметпен қарайтын, өзін дұрыс ұстайтын, жастарға ескерту айтатын қала тұрғындарына алғыс білдіремін. Бұл тамаша, дәстүр жалғасын таба берсін", - деп түйіндеді сөзін қала әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы полициясы азаматтардың түкірген видеосын таратқан болатын. Қалалық полиция департаменті бұл заңбұзушылық әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065005-turgyndardyn-adebi-maselesi-koterilgende-dosaev-almatylyqtardy-zaqtady/