Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі рет мас күйде көлік жүргізіп ұсталған әкім жұмыстан шығарылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қайрат Құсайынов
Қайрат Құсайынов. Фото: gov.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесі Ғабиден Мұстафин ауылының әкімін қызметінен босатуды ұсынды. Бұл туралы AstanaTV арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылының әкімі Қайрат Құсайыновты қызметінен босату туралы ұсыныс берілгенін Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, "Әділдік жолы" РҚБ-ның Қарағанды облысы бойынша төрағасы Рустам Тәнішпеков айтты.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінде Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылының әкімі Құсайыновқа қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі қаралды. Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл әкімін мемлекеттік қызметтен босату ұсынылды", - деді Рустам Тәнішпеков.

Мұндай шешім қабылдауға әкімнің мас күйде көлік жүргізуі себеп болған.

Айта кетейік, 2018 жылы Қайрат Құсайынов Бұқар жырау ауданындағы Қушоқы ауылының әкімі бола тұра, қызметтік көлікті мас күйде тізгіндеген. Сол жолы Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметтік тексеру жүргізіп, әкімнің көлікті мас күйде жүргізу фактісі толығымен расталды. Шенеунікке қатаң сөгіс берілді.

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Қайрат Нұрмұқанұлы Құсайынов 2011 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Қушоқы ауылының әкімі қызметін атқарса, 2021 жылғы 27 шілдеден бері Ғабидена Мұстафина ауылының әкімі қызметін атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065030-qaragandy-oblysynda-eki-ret-mas-kuide-kolik-zurgizip-ustalgan-akimdi-zumystan-sygaru-turaly-sesim-qabyldandy/