Пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жетті
Жарияланған күні:
Ақпан айының ортасында пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, Шапағат Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен.
Алғашқы сот отырысы 11 наурызға белгіленген.
Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге Қылмыстық кодекстің нің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға қатысты іс те қарастырылады.
Еске салсақ, 14 ақпанда Антикор Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065113-para-aldy-degen-kudikpen-ustalgan-satbaev-akiminin-isi-sotqa-zetti/