Астанада алименттік қарызы бар борышкерлердің көліктері тәркіленіп жатыр
Жарияланған күні:
4-5 наурызда Астана қаласы Әділет департаменті, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы, полиция департаментімен бірлесіп "Борышкер" рейдтік шарасын өткізді. Алимент бойынша берешектері бар борышкерлердің автокөліктері айып тұрағына қойылды, деп хабарлaйды KAZ.NUR.KZ Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған рейдтік шара барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданды.
"Нәтижесінде бүгінге дейін 857 160 теңге, 1 518 626 теңге, 2 483 773 теңге, 2 943 979 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 4 автокөлігі айып тұрағына қойылды.
Жеке сот орындаушылармен аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен өндіріп алу бойынша рейдтік шаралар жалғасатынын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065117-astanada-alimenttik-qaryzy-bar-boryskerlerdin-kolikteri-tarkilenip-zatyr/