8 наурызда Ақтауда алып бала дүниеге келді
Жарияланған күні:
8 наурызда Ақтауда алып бала дүниеге келді - бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.
Халықаралық әйелдер күнінде Ақтауда 22 бала дүниеге келді, оның ішінде тоғыз қыз және 13 ұл.
Сондай-ақ дәрігерлер әйелдер мерекесінде салмағы 5380 грамм, бойы 60 сантиметр болатын алып бала дүниеге келгенін айтты.
Ал дүниеге келген ең кішкентай баланың салмағы - 2 700 грамм, бойы - 49 сантиметр екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065554-8-nauryzda-aqtauda-alyp-bala-duniege-keldi/