Желіде қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті: несие алмағандарға да хабарлама келген
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына тіркелмесе де, клиенттер базасынан жеке деректері тарап кеткені жөнінде хабарлама келгенін айтып, шағымданды. Бұл жағдайға Цифрлық даму министрлігінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше күн бұрын Цифрлық даму министрлігінің өкілдері zaimer.kz ("Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке дерегі тарап кеткені анықталғанын хабарлады.
Сол кезде ведомство өкілдері клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтынын ескерткен.
NUR.KZ оқырмандары ешқашан бұл не басқа да микроқаржы ұйымының клиенті болып көрмесе де, жеке дерегі тарап кеткені жөнінде хабарламаға алғанын айтып, шағымданды.
Бұл жағдайға Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Мамандардың пікірінше, желіде ұйымға қатысы жоқ қазақстандықтардың дерегі расымен де тарауы мүмкін.
"Олардың осы микроқаржы ұйымының клиенті болуы міндетті емес. Неліктен деректер тарап кеткенін анықтау үшін Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне хабарласу қажет", - делінген хабарламада.
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бұл ұйымға қатысты тексеруді тек шағым негізінд жүргізе алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065701-zelide-qazaqstandyqtyn-zeke-deregi-tarap-ketti-nesie-almagandarga-da-xabarlama-kelgen/