Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 млн қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті: Цифрлық даму министрлігі азаматтарға кеңес берді

Жарияланған күні:

Ер адам компьютермен жұмыс істеп отыр
Компьютер. Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму министрлігі жеке деректері желіге тарап кетуі мүмкін делінген zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттеріне тағы жүгінді. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

5 наурызда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ zaimer.kz ("МҚҰ "Робокэш.кз" ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенті саналатын 2 миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткенін анықтады.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, жалпы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 миллионнан астам дерегі анықталған. Айта кетерлігі, zaimer.ru бойынша 16.8 миллион жеке дерек тараған.

"Осылайша жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.

Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және "МҚҰ Robokesh.kz" ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына тіркелмесе де, клиенттер базасынан жеке деректері тарап кеткені жөнінде хабарлама келгенін айтып, шағымданған еді.

Бұл жағдайға Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Мамандар желіде ұйымға қатысы жоқ қазақстандықтардың дерегі расымен де тарауы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066061-2-mln-qazaqstandyqtyn-zeke-deregi-tarap-ketti-cifrlyq-damu-ministrligi-zabirlenusilerge-qandai-kenes-beredi/