Шымкентте "гүл дүкенінде" болған жанжал: экс-полицейге ұқсайтын ер адамның видеосы тарады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде дәмханада түсірілген кадрлар тарап жатыр және видеодағы ер адамның 2023 жылы Шымкенттегі гүл дүкенін баса-көктеп кірді деп айыпталған полицейге қатты ұқсайтыны айтылады. Қалалық полиция департаменті осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZNUR.KZ.
Elitar басылымында жарияланған кадрларда ер адам әйелдің телефонын телефонын алып, бермей қойған.
"Бұл кездейсоқтық па, білмейміз, бірақ мына ер адам Шымкенттегі гүл дүкенін тонады деп айыпталған полицейге қатты ұқсайды", - деп жазады БАҚ.
Басылым мәліметінше, полицейге қатысты былтыр қозғалған іс тоқтатылған. Бұған қоса, ол нақты қай жерде екені айтылмаса да, қызметін жалғастыруда.
"Біз телефонын алып алған әйелмен қандай қарым-қатынаста екенін, ол арыз жаза ма, жоқ па, білмейміз", - делінген хабарламада.
Видеоға қатысты NUR.KZ тілшісіне Шымкент қаласы ДП баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Полицияға бұл факт бойынша ешқандай ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін видеода көрсетілген тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде", - деп түсіндірді департаменттен.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Шымкентте гүл дүкенінде болған жанжал
Еске салсақ, 2023 жылы тамызда желіде Шымкенттегі гүл дүкенінде болған жанжалдың видеосы кеңінен тарап, қызу талқыға түскен болатын. Онда дүкенге келген сатып алушы балағат сөздер айтып, сатушыны қайшымен қорқытып, гүл шоғын алып кеткенін көруге болады.
Артынша сатып алушы прокурордың ұлы деген ақпарат пайда болды. Алайда Бас прокуратура ақпаратты жоққа шығарды. Оның прокуратура органдарына да, прокуратура қызметкерлеріне де еш қатысы жоқ екені айтылды.
Кейіннен полиция бұл видеода екі түрлі жағдай бейнеленгенін жеткізді. Екі оқиғаның да прокуратураға қатысы жоқ, деп мәлімдеді олар.
Гүл дүкенінде сатушыны қайшымен қорқытқан азаматтың оқиғасы 8 тамызда болған. Ақ жейде киген азамат 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы, бүгінде Шымкент қаласында тұрады. Дүкен әкімшілігі оның үстінен арыз жазудан бас тартқанымен, ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша 7 тәулікке қамауға алынды.
Екінші жағдайда гүл шоғын тартып алған видеоның "кейіпкері" полиция қызметкері болып шықты. Оқиғадан кейін ол жұмысынан өз еркімен кеткен.
Ал оның қасында тұрған Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты. Оған қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066127-symkentte-gul-dukeninde-bolgan-zanzal-eks-policeige-uqsaityn-er-adamnyn-videosy-tarady/