Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев сотта өзінің бойдақ екенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: primeminister.kz

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Судьяның сұрақтарына жауап беру барысында Бишімбаев бойдақ екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алдын ала тыңдау кезінде Қуандық Бишімбаев сот залында судьяның сұрақтарына жауап берді.

Білімі туралы сұраққа ол жоғары білімі бар екенін атап өтті.

Келесі кезекте судья оның отбасылық жағдайын сұрады, оған Бишімбаев қазір бойдақ екенін айтты.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың бар-жоғы туралы сұраққа жауап берген Бишімбаев өзінің 15, 13 және 10 жастағы үш баласы бар екенін жеткізді.

Бишімбаевтың сөзінше, ол 2023 жылғы 9 қарашадан бері қамауда отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталғанын жазған едік.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, экс-министрге Қылмыстық кодекстің екі бабы – кісі өлтіру және азаптау бойынша айып тағылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066277-bisimbaev-sotta-ozinin-boidaq-ekenin-malimdedi/