Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың адвокаты істі "абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабына өзгертуді сұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты істі "кісі өлтіру" бабынан "абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабына ауыстыруды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"2023 жылғы 9 қарашадағы оқиғаға дейін жәбірленушінің миы зақымдануы осындай салдарға жеткізуі мүмкін екенін көрсетеді (өлім - редактордың ескерт.) - сотталушы білмеді және созылмалы субдуральды гематома түріндегі қыздың патологиясы туралы білмеген, өйткені бұған дейін миы зақымдалған", - дейді Қуандық Бишімбаевтың адвокаты.

Оның айтуынша, Бишімбаев өз әрекеті жәбірленушінің өліміне әкеледі деп ойламаған.

Қорғаушы тарап Бишімбаевтың әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігіне "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" өзгертуді сұрады.

Айта кетейік, 11 наурызда Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы басталды.

Астана сотында әйелін өлтірді деп күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп, прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні марқұм әйел мен Қуандық Бишімбаевтың арасында не жағдай болғанын оқып берді.

Сондай-ақ сотта екінші айыпталушы Байжановқа қандай айып тағылып отырғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066376-bisimbaevtyn-advokaty-aiyptaudy-abaisyzda-adam-olimine-akep-sogu-babyna-ozgertudi-surady/