Түркістан облысында 24 млн теңгені жымқыру схемасы әшкере болды
Жарияланған күні:
Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру схемасын анықтады. Бұл туралы өңірлік ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жалған жұмысқа тартумен айналысқан.
Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.
"Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын "Қазпошта" АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған.
Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан", - делінген хабарда.
Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066655-turkistan-oblysynda-24-mln-tengenin-zymqyru-sxemasy-askere-boldy/