Павлодар облысының полицейлері күдікті әйелдің суретін жариялады
Жарияланған күні:
Павлодарлық полицейлер жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдікке ілінген әйелдің суретін жариялады. Сондай-ақ осы әйелден алданып қалған жәбірленушілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, бұл азаматша жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдікке ілінген.
Қазір тергеу жүргізіліп, басқа жәбірленушілер анықталып жатыр.
"Әйелдің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен немесе осы фактілер бойынша қандай да бір ақпаратқа ие кез келген адам полицияға 8-707-916-17-17 немесе 102 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласа алады", - делінген полиция хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066826-pavlodar-oblysynyn-policeileri-kudikti-aieldin-suretin-zariyalady/