Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы екеуі қайдан шықты": Бектенов министрдің есебінде айтылған "артық" зауыттар туралы сұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерлан Нысанбаев
Ерлан Нысанбаев. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттардың құрылысы туралы баяндады. Баяндамадан кейін премьер-министр оған сұрақ қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 45 жоба әзірленгенін, оның ішінде 37 зауыт жаңадан салынатынын, жұмыс істеп тұрған 8 зауыт жаңартылатынын айтты.

"Бұған дейін берілген ақпарат бойынша, 35 зауыт салынады (қатты қалдықтарды қайта өңдейтін – ред.еск.). Ал сіз қазіргі баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы екі зауыт қайдан шықты?" – деп сұрады премьер-министр Олжас Бектенов.

Экология министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаев Астана қаласы бойынша тағы екі зауыт қосылғанын айтты.

"Бұл кеше ғана баяндамаға қосылды. Слайдтар өткен аптада дайындалып берілген болатын", - деп жауап берді ол.

Премьер-министр ұсынылған цифрлар бойынша "нақты жобалар" бар ма деп сұрады.

"Бұл жобалар бойынша күн сайын әр әкімдікпен, облыс әкімінің тиісті орынбасарларымен, сондай-ақ тиісті басқарма қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатыр. Әр жоба қаралды. Бұл жобалардың дайындық нәтижесі жоғары", - деді Нысанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066853-tagy-ekeui-qaidan-syqty-bektenov-ministrdin-esebinde-aitylgan-artyq-zauyttar-turaly-surady/