Қазақстанда қаңғыған жануарларға эвтаназия жасау ұсынылды: экология министрі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте экология министрі Ерлан Нысанбаевқа Қазақстанда қаңғыған жануарлардың мәселесі не үшін эвтаназия жасау арқылы шешілуі керек деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Журналистер Қазақстанда қаңғыған жануарларға эвтаназия жасау мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Олар көөркениетті елде ит пен мысық атуды заңды түрде қайта енгізу дұрыс па деген сұрақ туындап жатқанын айтты.
Экология министі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда бұралқы иттерден зардап шеккендер бар екенін, бірақ жануарлар туралы жаңа заңға қатысты шешім әлі талқыланып жатқанын айтты.
"Эвтаназия мәселесі - жаңалық емес. Айтайын дегенім, мәселені бірінші кезекте қаңғыған жануарларды қабылдау пункттеріне орналастыру, жақсы қарай алатын адамдарға беру арқылы шешу керек. Бірақ бұл жүйе нәтижесін бермесе ғана шаралар қолданылады.
Бұл жерде қандай да бір шешімі болуы керек. Заңда көрсетілгендей (жануарлар – ред. ескертпесі) реттеуге көп күш салуымыз керек", - деді Нысанбаев.
Қазақстанда жануарларға қарап, ұстауға бұған дейін әкімдіктерге сонша жылдан бері ақша бөлінетінін, бірақ олар әрекет жасамайтынын сұрады. Журналистің сөзінше, тек ату мәселені шешпейтінін атап өтті.
Нысанбаев мемлекет қаржысының ысырап болуы мен "бұл нашар жұмыстың" салдары Экология министрлігіне емес, жергілікті билікке қойылатын сұрақ екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066928-qazaqstanda-qangygan-zanuarlarga-evtanaziya-zasau-usynyldy-ekologiya-ministri-zauap-berdi/