Шымкенттің 3 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
Шымкентте апатты жағдайға байланысты бірнеше шағын ауданда жарық сөндірілді. Бұл туралы қала әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, апатты жағдайларға байланысты бүгін Солтүстік Саяжай, Достық, Нұршуақ, Батыс шағын аудандарында 3 мыңнан астам абонент электр қуатынан ажыратылды.
"Қазіргі уақытта арнайы бригада ақауларды ретке келтіру үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғын үйлердің электр қуатына 2 сағат көлемінде қайта қосылатынын хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарда.
Кейінірек, Достық, Нұршуақ, Батыс шағын аудандары электр қуатына қайта қосылғаны белгілі болды. Ал Солтүстік Саяжайда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066934-symkentte-birnese-sagyn-audanda-zaryq-sonip-qaldy/