Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әуежайда жұмыс істейді": қазақ тіліндегі бұйырықтарды бұлжытпай орындайтын ит жайлы не білеміз (видео)

Жарияланған күні:

Қазақша түсінетін ит
Ит. Видеодан кадр: instagram/oyanqz

Астананың халықаралық әуежайының қауіпсіздік бөлімінде бұйрықты қазақша орындайтын Мерген атты ит қызмет атқарады. Ерекше ит кинолог Мақсат Серікұлымен бірге "Хабар" телеарнасының "Оян" бағдарламасында қонақ болып, қазақ тілін қаншалықты түсінетінін көрсетіп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте кинологтар итке бұйрықты орыс тілінде береді, ал Мергеннің ерекшелігі басқа тілдермен қоса, қазақшаны да жақсы түсінеді. Жануар студияда "Отыр!", "Жат!", "Кел!", "Орында!", "Бірге!" деген бұйрықтарды бұлжытпай орындап берді.

"Мергенмен осыдан үш жыл бұрын ол бір жасқа толғанда жұмыс істей бастадық. Қазір төрт жаста. Астананың халықаралық әуежайында қауіпсіздік бөлімінде жұмыс істейміз. Мергенмен ауысымға түскен уақытта 12 сағат бойы қауіпсіздікке жауап береміз. Радиостанция арқылы қоңыраулар түседі, сол арқылы сөмкелерді, ұшақтарды тексереміз, қару-жарақ пен жарылғыш зат іздейміз", - дейді кинолог Мақсат Серікұлы.

Бір қызығы, жарылғыш затты тапқан кезде ит елеусіз қалмайды екен, бапкері оған сыйақы ретінде ойыншық доп беретінін айтты.

Кинолог итке қауіпті заттарды ойыншықтар арқылы үйрететінін айтты.

"Бізге жұмысқа ойыншықпен ойнай алатын, қабілеті бар иттер алынады. Сонан соң әдіс-тәсілдер қолдана отырып, бір жылдың ішінде итті дайындап шығаруға болады. Кез келген итке екі жарым-үш жасқа дейін бұйрықты орындауды үйретуге болады.

Итті жаттықтырған кезде адамға бірінші шыдамдылық керек. Ит робот емес, хайуан болғандықтан, иттің қызығушылығы арқылы, ойыншық арқылы, тамақ арқылы, қарғы бау арқылы және жұмыс істейтін бір итті қойып, соны көрсету арқылы жаттықтыруға болады", - дейді маман.

Кинологтың сөзінше, орыс тілінде бұйрық алып үйренген итті де қазақша бұйрыққа үйретуге болады.

"Ол үшін қазақша бұйрық беріп, орысша бергенде қалай орындады, солай қайталата беру керек. Итке бір бұйрықты үйрету үшін күніне 30-40 рет қайталату керек", - дейді кинолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066937-itke-qazaqsany-qalai-uiretuge-bolady-auezaida-zumys-isteitin-mergennin-oqigasy-video/