Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Полиция қызметкеріне қатысы жоқ": Шымкентте дәмханада жанжал шығарған ер адам анықталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дәмханада отырған ер адам
Ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/elitar.kz

Тәртіп сақшылары Шымкенттегі дәмханада түсірілген видеоның кейіпкерлерін анықтады. Бұған дейін видеоға гүл дүкеніндегі атышулы оқиғада көзге түскен бұрынғы полицейге ұқсайтын ер адам түсіп қалғаны айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерді текерген кезде полицейлер қаладағы мекемелердің бірінде келушілер арасындағы жанжал түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

"Айта кететін жайт, бұл факт бойынша полицияға ешқандай арыз түскен жоқ. Видеоға түсіп қалған көрсетілген адамдардың барлығы анықталды. Мән-жайды анықтау кезінде олардың барлығы арыз жазудан бас тартты", - деді полиция департаментінің өкілдері.

Сондай-ақ қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды.

"Бұл оқиғаның полиция қызметкеріне қатысы жоқ, Беков полиция қызметкері емес", - деп нақтылады полиция өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін желіде дәмханада түсірілген видео тарап, ондағы ер адам 2023 жылы Шымкенттегі гүл дүкенінен гүл қрлады деп айыпталған полицейге қатты ұқсайтыны айтылған болатын. Жаңа видеодан мекемеге келуші бір әйелдің телефонын тартып алғанын көруге болады.

Қалалық полиция департаменті бұл факт бойынша полицияға ешқандай арыз түспегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067057-policiya-qyzmetkerine-qatysy-zoq-symkentte-damxanada-zanzal-sygargan-er-adam-anyqtaldy/