Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты дау шықты
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды. Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Facebook желісінде шенеунікке қатысты жазба жарияланды. Бұл ретте Павлодар облысының әкімдігі қызға қарсы арыз түскенін мәлімдеді.
"Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында болды.
Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың арызы негізінде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тарап – Серік Батырғожинов.
Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен фактілері тексеріліп, расталған жоқ. Бүгінгі таңда іс сотқа жіберілді", - деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Ведомство толық ақпарат алу үшін процеске қатысушылармен тікелей байланысуды ұсынды.
Павлодар облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067102-pavlodar-oblysy-akiminin-birinsi-orynbasaryna-qatysty-dau-syqty/