Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басынан қатты затпен 12-13 рет ұрған": Нүкенованың өліміне қатысты адвокат мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Отырыс кезінде жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаев Салтанат Нүкенованың басынан қатты затпен 12-13 ұрған деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бишімбаевты қорғаушылардың кей материалдарды істен алып тастау туралы өтінішіне жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова оларды алып тастауға болмайтынын айтты.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде алынған жазбаларда Нүкенованың соққы алғаны анық көрсетілген, содан кейін Нүкенова көз жұмған. Басынан қатты затпен 12-13 ұрған. Бұл нысаналы соққылар болған. Жоғарыда келтірілген дәлелдемелерді жоққа шығару мүмкін емес, өйткені олар қылмыстық іс бойынша маңызды", - деді ол.

Уразбахова тағы да қорғаушы өтініштерін қабылдамауды сұрады.

Бұған дейін жәбірленушілердің адвокаттары қорғаушылардың барлық өтінішін қанағаттандырудан бас тартуды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067126-basynan-qatty-zatpen-12-13-ret-urgan-nukenovanyn-olimine-qatysty-advokat-malimdeme-zasady/