Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Конституциялық құқығы": Нүкенованың ағасы Бишімбаев ісі алқабилер сотында қаралатынына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айтбек Амангелді мен Салтанат Нүкенова
Айтбек Амангелді мен Салтанат Нүкенова. Фото: Instagram/aitym

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Салтанаттың күйеуі, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты туралы оқырмандарының сұрағына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нүкенованың ағасы тергеу жүргізіліп, жиналған материалдар негізгі сот талқылауына жеткілікті екенін айтты.

Оның сөзінше, алғашқы сот отырысы 27 наурызда, жабық өтеді. Сот алқабилердің таңдалуына байланысты жабылады.

"Мен алқабилер сотына көпшіліктің наразы екенін білемін, бірақ бұл жерде алқабилер сотына ешкім араласа алмайды, бұл оның (Бишімбаев – ред. ескерт.) конституциялық құқығы, сондықтан оған судья да, біздің тарап та, прокурор да қарсы келе алмайды. Тіпті оның адвокаттары да оның таңдауына тыйым сала алмайды", - деді Айтбек Амангелді.

Ол Бишімбаев адвокаттарының басқа өтініштері қабылданбағанын айтты.

Нүкенованың ағасы алдымен 300 алқаби таңдалатынын, кейін олардың саны 17-ге дейін қысқаратынын айтты. Кейін Бишімбаевтың қорғаушысы үш алқабиге, ал прокурор тағы екеуіне қарсылық білдіре алады. Нәтижесінде барлық отырысқа қатысып, істің барлық материалымен танысатын 12 алқаби болады.

"Жалпы, алқа би 10 адамнан тұрады, бірақ үнемі 12 адам қатысады. Екі адам резевте болып саналады", - деп түсіндірді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелді сотта қатты қобалжығанын мойындады.

"Бірақ судья өз шешімін (өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту туралы - ред.) оқығанда, мен күлкімді жия алмадым. Өйткені істегі видеоматериалдардан бас тару және мен ұсынған фотосуреттер жою ... Яғни, олар (Бишімбаевтың қорғау жағы – ред. ескертпесі) істі түбегейлі құртуға тырысты", - деді марқұмның ағасы.

Ол қазір босаңсуға болмайтынын атап өтті.

"Бірақ мұның бәрі - басы ғана. Бізге қазір босаңсуға болмайды, өйткені алда басты сот, алқабилердің соты бар. Осының бәрін өтуімізі керек, қысқа уақыт емес", - деді Айтбек Амангелді.

Сондай-ақ Айтбек отбасына қолдау білдірген баршаға және сот процесіне келіп ақпарат таратқан журналистерге алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067300-konstituciyalyq-quqygy-nukenovanyn-agasy-bisimbaev-isi-alqabiler-sotynda-qaralatynyna-qatysty-pikir-bildirdi/