Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында ірі сомада пара алған мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агнеттігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, бұл лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

"Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларының әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы" ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады", - делінген Антикор хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілген.

Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067468-ulytau-oblysy-madeniet-basqarmasynyn-bassysy-sottaldy/