Қазақстан Таиландпен визасыз жаңа келісімге қол қоюы мүмкін
Жарияланған күні:
Қазақстан Таиландпен 30 күндік визасыз режим туралы жаңа келісім жасамақшы. Қазақстандықтар бұған дейін де Таиландқа визасыз кіру мүмкіндігіне ие болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сыртқы істер министрлігі екі ел үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі келу күннен бастап кемінде алты ай болуға тиіс жарамды жол жүру құжаттардың иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін олардың келген күннен бастап күнтізбелік 180 күннің әр кезеңі ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатындай күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.
Егер сол адамдар екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз күннен артық болуға ниет білдірсе, сол тарап мемлекетінің заңнамалары мен қағидаларына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067489-qazaqstan-tailandpen-zana-vizasyz-kelisimge-qol-qoyuga-nietti/