Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар өңірінде балабақшаға жаңа тәртіппен орын үлестіру басталды

Жарияланған күні:

Балабақша
Балабақша тәрбиешісі мен бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде балабақшаға пилоттық режимде жаңа тәртіппен орын үлестіру басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін жою мақсатында кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді.

Жоба қазіргі таңда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр", - делінген хабарда.

Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталған соң кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы еліміздің барлық аумағында қосылатыны айтылады.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов балабақшаларға орын үлестіру және кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасын енгізу жоспарлары туралы айтқан болатын.

Ол жаңа жүйенің артықшылықтарын атап, балаларды балабақшаға кезекке қою жүйесінің кемшіліктерін айтқан.

"Егер отбасында екіден көп бала болса, ата-аналарға балаларды бір балабақшаға қабылдау мүмкіндігі беріледі. Мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде тартылатын жеңілдік мәртебесін растау үшін қағаз анықтамаларды жинау және қосымша алып тасталады", - деген еді Ілиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067657-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-balabaqsaga-zana-tartippen-oryn-ulestiru-bastaldy/