Қошанов Бишімбаевтың ісі туралы: Сот әділ үкім шығарады деп сенеміз
Жарияланған күні:
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов палата кулуарында бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың атышулы ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Сот процесі жүріп жатыр және бұл процеске ешкімнің де, қарапайым азаматтың да, депутаттың да араласуға құқығы жоқ. Екіншіден, бұл іс үлкен резонанс тудырды. Расында да жантүршігерлік оқиға қоғамның ерекше бақылауында", - деп жауап берді мәжіліс төрағасы журналистердің сауалына.
Ерлан Қошанов президенттің осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу жөнінде тапсырма бергенін және бұл мәселені өз бақылауында ұстайтынын атап өтті.
"Сондықтан қоғамдық бақылау болған кезде қандай да бір бұрмалау болады деп ойламаймын. Сот өз бетінше шешім шығарады. Сот әділ шешім шығарады деп сенеміз", - деп қосты ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067714-qosanov-bisimbaevtyn-isi-turaly-sot-adil-ukim-sygarady-dep-senemiz/