Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов, Қуантыров және Жамаубаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

Жарияланған күні:

"Бәйтерек" холдингі
"Бәйтерек" холдингі: baiterek.gov.kz

"Бәйтерек" ұлттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды. Бұрынғы премьер-министр, сондай-ақ қаржы және ұлттық экономика министрлері оның құрамынан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE-ге сілтеме жасап.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 2024 жылғы 29 ақпандағы шешімімен холдингтің директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы ресми ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында пайда болды.

Осылайша, келесі өзгерістер енгізілді:

  • директорлар кеңесінің құрамынан: Смайылов А.А., Жамаубаев Е.Қ., Қуантыров А.С., Байбазаров Н.С. шығарылды;
  • директорлар кеңесінің құрамына: Бектенов О.А., Байбазаров Н.С., Такиев М.Т. сайланды.

"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады: Бектенов О.А., Иргалиев А.А., Скляр Р.В., Байбазаров Н.С., Такиев М.Т., Шарлапаев К.Б., Дэниел А.Витт, Мэри-Хелене, Манфред Грундке", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Келесі күні Әлихан Смайыловтың орнына жаңа премьер-министр қызметіне ресми түрде Олжас Бектенов келді.

Сондай-ақ қаржы және ұлттық экономика министрлері де ауысты.

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қаржы министрлігін Мәди Тәкиев, ал Ұлттық экономика министрлігін бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық холдингі" АҚ басшысы қызметін атқарған Нұрлан Байбазаров басқарды.

Бұған дейін бұл лауазымдарды Ерұлан Жамаубаев пен Әлібек Қуантыров атқарған.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ ресми сайтында бұл холдинг Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияны қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы оның тұрақты дамуы жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттік мекеме екені айтылған.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалғыз акционері - ҚР Үкіметі.

"Бәйтеректің" құрамына 8 еншілес ұйым кіреді: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Отбасы Банкі" АҚ, "Даму" АҚ, "Қазақстанның тұрғын үй компаниясы" АҚ, "ЭСК "Kazakh Export", "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ, "Ауыл шаруашылығы несие корпорациясы" АҚ, "Bereke Bank" АҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067864-smaiylov-quantyrov-zane-zamaubaev-baiterek-xoldinginin-direktorlar-kenesinen-sygaryldy/