Тараз маңындағы жарылыс: сотталған әскерилердің жаза мерзімі ұзартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском2021 жылы Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылысқа қатысты атышулы іс бойынша бұрын 9 жылға сотталған екі сарбаз тағы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Айта кетейік, былтыр қазан айында Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында 18 құтқарушы мен әскери қызметкердің өмірін қиған атышулы іс бойынша айыпталушылар сотталды. Мерзімді әскери қызметшілер Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ әрқайсына бірнеше миллиардтық шығынды төлеу міндеттелді.
Бүгін Тұранов пен Әшірбайдың бас бостандығынан айыру жазасы тағы төрт жылға ұзартылғаны белгілі болды. Бұл шешімді сотталғандардың өз бастамасымен істі қараған апелляциялық алқа шығарды.
Сонымен қатар бұрын жазадан құтылған бұрынғы бөлімше командирі мен оқ-дәрілерді сақтау бөлімі бастығының үкімі өзгертілді. Енді олар қару ұстау ережесін бұзғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067990-taraz-manyndagy-zarylys-sottalgan-askerilerdin-zaza-merzimi-uzartyldy/