Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің құттықтауы Х-тегі парақшасында жарияланды.
"Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз.
Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!" - деп жазды президент өзінің Х-тегі парақшасында.
Қазақ жерінде 14 наурыз күні "Амал" мерекесі тойланады. Әсіресе Маңғыстау, Атырау өңірлерінде және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аймағында бұл мейрамды атап өту дәстүрі бұрыннан сақталған.
Амал күні қандай жоралғылар жасалатынын тілші материалынан оқи аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068050-toqaev-qazaqstan-xalqyn-amal-kunimen-quttyqtady/