Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ": сенат төрағасы жаңа заң жобасы туралы ойын айтты

Жарияланған күні:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: NUR.KZ / Айгерим Аскарова

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ.

"Жалпы азаматтарды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі оқиғаларға байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сенатта қаралып жатқан заң бойынша жағдайды қараймыз. Әйелдердің құқығы қорғалып жатыр ма?

Заң қабылданғаннан кейін, қоғамдағы қозғалыстан кейін үлкен өзгерістер болатынана күмәнім жоқ. Бұл мәселені әріптестеріміз бақылауында ұстап отыр. Оң өзгерістер болатынына толықтай сенем", - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар "Отағасы туралы" заң қабылдауды ұсынған болатын. Сол кезде кейбір депутат қоғамда ер азаматтардың рөлі төмендеп кеткенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068251-er-azamattardy-qorgaityn-zannyn-keregi-zoq-senat-toragasy-zana-zan-zobasy-turaly-oiyn-aitty/